21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №171

292 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2015 жылғы 3 наурыз, Астана қаласы Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекiту туралы «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Мыналардың: 1) «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №156 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 тіркелген); 2) «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8839 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В.ШКОЛЬНИК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №171 бұйрығына қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасының мұнай өңдейтін зауыттарының Өндіріс паспорты 20___ жылғы есепті кезең СТМ / ЖСН _____________ Индексі: № КМӨЗӨП-1 Нысан Мерзімділігі: үш жылда бір рет Ұсынатындар: Қазақстан Республикасының мұнай өңдейтін зауыттары Кімге ұсынады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнің 20 желтоқсаны _______________________ (өндірушінің лауазымы) __________________ (ұйым басшысының аты-жөні) _________________________ (күні, қолы және мөрі) «Бекітемін» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің _______________ (лауазымы) ___________ _______________________ (Қолы) (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.) ________________________ (күні және мөрі) ___________________ (ұйымның атауы ) ________________ (жылжымайтын объектінің мекен-жайы) __________________________ (заңды мекен-жайы) Телефон нөмірі:______________________________________ Факс: _______________________________________________ Электорндық поштасы:________________________________ Қызметтің негізгі түрлері (мұнай өнімдерінің түрі бойынша): _____________________ Мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаты (кəсіпорынды жаңғыртуды жəне қайта құруды ескере отырып) ___________ Мұнай өнімдерін өндірушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы _________ № ______ (Күні) Мұнай өңдеу зауытын пайдалануға беру актісінің ________ № ______ (Күні) Негізгі өндіріс бойынша ақпарат Өндірілетін мұнай өнімдерінің негізгі түрлері 1-кесте № п/п Өндірілетін өнімнің жəне жартылай фабрикаттардың атауы* Техникалық сипаттамалары (Ұлттық стандартқа және алдын-ала ұлттық стандартқа сәйкес) Ескерту 1. 2. 3. 4. Ескерту: Әр қондырғының өнімділігі және шығарылатын өнімнің түр-түрі шикізатпен тиелуге және өңделетін мұнайдың түр-түріне байланысты көрсетіледі. Жабдықтарды пайдалану регламенті 2-кесте № п/п Мұнайды өңдейтін қондырғының және жабдықтың атауы Өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықты пайдаланудың сипаттамасы 1. 2. 3. 4. Өндірісте қолданылатын сұйыққоймалар 3-кесте № п/п Өнімді және жартылай фабрикаттарды сақтайтын сұйыққоймалар парктерінің атауы* Сұйық-қоймалардың саны (дана.) Өлі қалдықтары бар сұйыққоймалардың жалпы сыйымдылығы (тонна) Тауарлық өнім бойынша сұйыққоймалардың сыйымдылығы (тонна) 1. 2. 3. 4. Ескерту: 1, 2, 3-кестелердегі көрсеткіштер (зауыттың) кәсіпорынды жаңғыртуға және қайта құруға байланысты түзетіледі. Жыл ішінде айлар бөлінісінде мұнай өңдеу жəне мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдері 20__ - 20__ жж. (мың. тонн) 4-кесте № Мұнай өнімінің атауы* Айлар Барлығы, жыл ішінде қаңтар ақпан наурыз сəуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан 1. 2. 3. 4. Өндіріс паспорты келісуге үш данада нөмірленген және тігілген түрде ұсынылады және мұнай өнімдерін өндірушінің елтаңбалық мөрімен расталады (жеке тұлғалар үшін – қол қойылады). * Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызмет) статистикалық жітеуішіне (ӨТСК) ВК – 002 ред. 4 (19.20.4 сәйкестендіру блогы) сәйкес келтірілді. * Шикі мўнай сатып алуды жəне МҐЗ-ге жеткізуді зауыт иесі еркін нарыќта өз бетімен ќамтамасыз етеді. * ҚР мұнай өнімдерінен экспортқа заңсыз шығарғаны үшін, уәкілетті органмен өндіріс паспорты қайтарылатын болады. Директор (бірінші басшы) (қолы және мөрі) Т.А.Ә. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10616 болып енгізілді.